Уақыт - ешкім тоқтата алмайтын алып кеме. Сол кеменің жүрісімен сен де өмір толқындарымен араласа, арпалыса, балалың шақ жағалауына қол бұлғап,адам өмірінің көктемі жастық шаққа да келіп жетерсің. Өмір шуағы мен дауылы, қайғысы мен сауығы, жеңілі мен ауыры қатар алмасқан алпауыт.Өмірмен күресіп жеңе білгендер де, жеңіліп жетегінде кеткендер де бар. Сен солардың алғашқысына қосыл. Өмірде кездесетін сан қилы ауырлықтар мен қиындықтарды ақылмен, сабырмен жеңе біл. Аспан бұлтсыз болмайды, демек адам өмірінің де бұлтты күндері болар. Бірақ сенің өміріңнің шуақты күндері коп болсын. Аңсаған арманына тек бакытпен жет.Қазақ тілінде қысқа да нұсқа, әрі дәл айтылған үш тілек бар. Соларды мен саған тілеймін. Олар: денсаулық, бақыт, ұзақ өмір. Себебі, денсаулық болса жұмыс та болады, табыс та болады. Бақыт деген сөздің ауқымы кең: себебі, біреулер үшін бақыт деген - сүйген адамының қасында аман-сау жүргені, бақыт деген - біреулер үшін - ата-анасының қуанғаны, ал біреулер үшін бақыт деген балаларының бақытты болғаны. Ал егер де денсаулық пен бақыт болса, неге ұзақ өмір сүрмеске ?! Денсаулығың мықты болсың, бақыт құсы басына қонсын, өмір жасың ұзақ болсын!!!

Теги других блогов: өмір денсаулық бақыт